Бiздiн ту.gifҚызылорда облысы
Шиелі ауданы
Еңбекші ауылы
№159 «Еңбекші» 
қазақ орта мектебі

Біздің мекен - жайымыз:

Қызылорда облысы

Шиелі ауданы

Еңбекші ауылы

Б.Оразов көшесі б/н

 

09й

Мажитова Гүлімай

Физика пәнінің мұғалімі

“Ұстаз беделі - жаңашылдықта” атты аудандық дебат. (“Таным” тобының мүшелері , І орын.)

     Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...., жұрттың бәріне...  жақсылық пен ізгілік көрсетіп .... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек.

                                                                                                                                                    Әл - Фараби

 

Мұғалімнің өз білімін көтеру жоспары 4 бағыттан тұрады

І бағыт. Пәндік-теориялық білім

· Оқытатын пәннің теориялық негіздерін білу

· Оқытатын пән ғылымының әдістерін білу

· Ғылым дамуының тарихы мен қазіргі жетістіктерін білу

ІІ бағыт. Әдіснамалық білім

· Ашықтық пен тапқырлық

· Әлеуметтік тәжірибе мен мәдениетті игеру

· Философиялық және әдіснамалық білімдерді игеру

· Құбылыстарды өзіндік талдай білу дағдыларын игеру

ІІІ бағыт. Әдістемелік білім

· Оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін білу

· Оқу-тәрбиенің психологиялық заңдылығын білу

· Педагогиканың теориялық негіздерін білу

· Пән бойынша білім беру мазмұнын білу

· Пәнді оқыту әдіс-тәсілдерін білу

ІV бағыт Технологиялық білім

· Ғылымның дамуы мен қазіргі жетістіктерін білу

· Оқыту құралдарын қолдану

· Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білу

· Педагогикалық технологияның түрлі тәсілдерін игеру

· Педагогикалық технологияны қолдану

Сабаққа талдау жасау схемасы

 

І. Сабақ мақсатына талдау жасау

Талдау сұрақтары:

1.     Сабақ мақсатының төмендегі көрсеткіштерді ескере отырып, дұрыс және негізді қойылуы:

а) бағдарлама талаптарына сай;

б) материал мазмұнына сай;

в) оқушылардың білім,біліктілігіне сай;

г) берілген тақырыппен өтілген сабақтар жүйесіндегі бұл сабақтың орнына сай;

д) сынып дайындығына сай;

е) мұғалімнің өз мүмкіндігіне сай;

ж) оқытыдудың түпкілікті болжауына сай;

2. Оқушыларға сабақ мақсатының жеткізілу тәсілдері. Әдіс-тәсілдердің орынды да тиімді қолданылуы.

Қойылған мақсатқа жету дәрежесі.

ІІ. Сабақ құрылымы мен ұйымдастырылуын талдау.

Талдау сұрақтары:

Сабақ құрылымының сабақ мақсаты мен  типіне сәйкес болуы.

Сабақ кезеңдерінің өзара сабақтастығы мен логикалыұ кезектесуі.

Уақыттың сабақ кезеңдеріне ұтымды бөлінуі.

Оқу кабинетіндегі құралдардың сабақта тиімді пайдалануы.

Оқушы мен оқытушы еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуы.

Сабақтың басталуы мен соңының ұйымдастырлуы.

Сабақ темпінің оңтайлылығы.

Сабақ жоспарының болуы және оның орындалу нәтижесі.

    ІІІ. Сабақ мазмұнын талдау

Талдау сұрақтары:

1. Сабақ мазмұнының білім сандартына сәйкес болуы.

2. Қисынды баяндалуы.

3. Түсінікті баяндалуы.

4. Мұғалімнің оқу материалын баяндауы.

5. Берілген тақырыптағы жетекші, негізгі ойлардың бөлінуі.

6. Сабақ мазмұнының өмірмен байланысы, оқу материалының кәсіби бағытталуы.

7. Сабақ мазмұнының оқушы қажеттілігі және қызығушылығымен байланысы.

Сабақ материалының көмегімен оқушының логикасын қалыптастыру.

      ІҮ. Сабақ жүргізілу әдістемесін талдау (мұғалімнің іс-әрекеті)

Талдау сұрақтары:

1.     Оқу әдісінің, тәсілінің, құралының төмендегі көрсеткіштерді ескере отырып, дұрыс және негізді таңдалып алынуы.

а) сабақ тақырыбы.

б) сабақ мақсаты.

в) сынып мүмкіндігі.

г) мұғалімнің өз мүмкіндігі.

д) оқу материалдық база.

 

2. Сабақта пайдаланылған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігі.

3.Оқушыларда жаңа ұғымды қалыптастыру.

4.Мұғалім сабақ тақырыбы бойынша практикада қалыптасқан әртүрлі пікірлермен қалай жұмыс жүргізеді? Талас-білімді қорыту, негіздеу.

5. Жаңа материалды сапалы меңгерілуі.

6.Оқыту құралдарының қолданылуы.

7. Мұғалім оқушылардың жұмысын қалай ұйымдастырды.

8.Мұғалімнің педагогикалық техникасы.

  Ү. Сабақтағы оқушылардың жұмысына талдау жасау

Талдау сұрақтары:

1. Сабақтың әр кезеңдегі оқушылар белсенділігі және жұмысқа деген құлшынысы.

2. Оқушыларда өзіндік бақылау дағдысы қалыптасқан ба?

3. Сабаққа немесе өтілген тақырыпқа деген қызығушылық.

4. Оқушылар еңбек әдістерін меңгерген бе, сабақтағы еңбектің ғылыми ұйымдастырылуы,еңбек мәдениеті.

5. Өзіндік ойы болуы, білімді өз бетінше меңгеру дағдысын болуы.

6. Жеке қарым-қатынас мәдениеті.

Мұғалім бағасына бала реакциясы.

 

 ҮІ. Үй тапсырмасын талдау

1. Үй тапсырмасын тексеру әдісі мен тәсілдері.

2. Үй тапсырмасының мақсаты және оны оқушылардың түсінуі, қабылдауы, осы сабақтағы үй тапсырмасының берілу себептері.

3. Үй тапсырмасының көлемі.

4. Үй тапсырмасының түрі, өзгешелігі.

5. Үй тапсырмасының барлық оқушының  орындау мүмкіндігіне сай болуы.

6. Үй тапсырмасын беру әдістемесі, инструктаж.

Үй тапсырмасынан мұғалім қандай нәтиже күтеді.

Ашық сабақтар тізілімі

1)  Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:   Есіркепова Меруерт                                                                көшіру

C:\Documents and Settings\1\Мои документы\акмарал\Гиф анимация\329c18a0d4eb56aa8851540e70bbaa9f.gif

4)  Компьютердің пайдасы  мен зияны

Информатика пәнінің мұғалімі:   Бекходжаев Қуаныш                                                      көшіру

5)  Wild life

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі:   Пернеева Маржан                                                           көшіру

3)  Microsoft Word мәтіндік редакторы

Информатика пәнінің мұғалімі:   Бекходжаев Қуаныш                                                      көшіру

2)  Сөз мерген интеллектуалдық-лингвистикалық ойыны

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі:   Өмірәлиев Ләззат                                                                      көшіру

6)  Математика ғылымдар патшасы

Математика пәнінің мұғалімі:   Әнәпияева Сәуле                                                                 көшіру

7)  Қазақстан Республикасы азаматтарының міндеттері

Тарих пәнінің мұғалімі:   Сейтмұратова Әлия                                                                         көшіру

BD21322_Зарезервировано: BD21322_
Hosted by uCoz